Accessibility links

Пәкістан президенті қираған аймақты 3 жылдың ішінде қалпына келтіруге уәде берді


МУЗАФФАРАБАД: Бүгін Пәкістан президенті Первез Мушарраф Кашмир өлкесінің Музаффарабад қаласында 75 мыңға жуық халық қырылған өткен жылғы зілзаланың құрбандарын аза тұту шарасына қатысты. Пәкістанның солтүстік өңірі мен Кашмир өлкесін астан-кестенін шығарған жер сілкінісі басталған таңғы сағат 8.52-де 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Жер сілкінісінен 3.5 млн. астам адам баспанадан айрылып, 11 мың бала жетім қалды. П.Мушарраф апаттан қираған аймақтың басым бөлігін 3 жылдың ішінде қалпына келтіруге уәде берді.
XS
SM
MD
LG