Accessibility links

Премьер-министр А.Калвитис тағы да жаңа үкіметті жасақтауға мүмкіндік алды


РИГА: Бүгін Латвияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жариялады. Премьер-министр Айгарс Калвитистің “Халық партиясы” бастаған коалиция тағы да жаңа үкіметті жасақтауға жететін депутаттық орынға ие болды. Үш партиядан тұратын коалиция парламенттен 51 орын алса, оппозицияның үлесіне 49 депутаттық мандат тиді. Жалпы Латвия парламенті – Сеймге 7 партия өтті. Сайлаушылардың 61 пайыздан астамы дауыс беруге келді.
XS
SM
MD
LG