Accessibility links

Өзбекстанда 10 мың доллардан аз валюта алып шақпақ болған адам 5 жылға кесіледі


ТАШКЕНТ: Өзбекстан үкіметінің хабарлауынша, контрабандалық жолмен елден 8.5 мың доллар ақшаны алып шықпақ болған грузин азаматы ұсталды. Ресми билікке жақын “ПРЕСС-УЗ.ИНФО” интернет басылымының кеден қызметін нұсқай отырып хабарлағанындай, әлгі азамат Ташкент әуе жайында Әзірбайжан астанасы – Бакуге қатынайтын ұшаққа отыра берген сәтінде ұсталған. Өзбекстанның қылмыстық кодексіне сәйкес, ондай қылмыс үшін ол 5 жылға кесілуге тиіс.
XS
SM
MD
LG