Accessibility links

Президент сайлауы қарсаңында орыс тіліндегі интернет-парақшаларға бөгет қойылды


ДУШАНБЕ: Тәжікстан үкіметі орыс тіліндегі 5 интернет-парақшасын ашуға “қауіпсіздікке нұқсан келтіреді” деген уәжбен тосқауыл қойды. Атап айтқанда “ФЕРГАНА.РУ”, “ЦЕНТРАЗИЯ.РУ”, “ТАДЖИКИСТАН-ТАЙМС.РУ”, “АРИАНАСТОРМ.РУ” және “ЧАРОГИРУЗ.РУ” интернет-басылымдарын ашуға болмайды. Тәжік баспасөзі өкілдерінің пікірінше, мұндай шешім алдағы президент сайлауына байланысты қабылданып отыр. Адам құқын қорғаушылар ресми билікті 6-ншы қарашада өтетін сайлау алдында сөз еркіндігін шектеп отыр деп айыптады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG