Accessibility links

Ұлы Британия ядролық сынақты “барып тұрған жауапсыздық актісі” деп бағалайды


ПХЕНЬЯН: Солтүстік Кореяның бүгін жер астында ядролық сынағын өткізуіне наразылық білдірген елдердің қатары өсе түсті. АҚШ бұл сынақты “арандатушылық актісі” деп бағалап, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тікелей араласуын талап етеді деп мәлімдесе, ресми Бежин (Қытай) қарусыздандыру жөніндегі келіссөзге Пхеньян қайта оралады-ау деген үмітін білдірді. Ұлы Британия ядролық сынақты “барып тұрған жауапсыздық актісі” десе, Франция оны “халықаралық қауіпсіздікті бұзды” деп сипаттады. Сондай-ақ Жапония, Оңүстік Корея, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдер қарсылық білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG