Accessibility links

Грузия парламентінің төрайымы әлемдік халықаралық қауымдастықты Ресеймен орын алған соңғы кездегі саяси экономикалық жанжалда Грузияға қолдау көрсетілуін сұрайды


Прага қаласында өтіп жатқан халықаралық Форум 2000 конференциясы кезінде Азат Еуропа-Азаттық радиосына сұхбат берген Грузия парламентінің жетекшісі Нино Бурджанадзе негізінен Мәскеу мен Тбилиси арасында ұшығып отырған қазіргі саяси теке-тірес мәселесіне тоқталды.

Прагада қазанның 10ны, сейсенбіге дейін жалғасқан халықаралық Форум 2000 бас қосуы кезінде Азаттық радиосының атынан қойылған, Мәскеу мен Тбилиси арасындағы қазіргі күрделі саяси ақуалға Грузиядағы жұртшылық қандай қарап отыр деген сауалға, Гуржістан парламент төрайымы Нино Бурджанадзе былай деп жауап берді.

– Грузиядағы әрбір азамат Ресейдің Грузия халқына, мемелекетіне жасап отырған бұл тірлігіне өте наразы. Мен бұл орайда өткендегі экономикалық санкция – грузин шарабы, арасан суы және ауыл шаруашылық өніміне жасалған тыйымды айтып отырған жоқпын. Ресейдің қазіргі тірлігін грузиндерге қарсы нағыз ксенофобия – кісі жеккөрушілік науқаны десе болады. Ал бұған Еуропа және бүкіл әлем қауымдастығы өзінің тиісті жауабын бергені жөн болар еді, - дейді Нино Бурджанадзе, халықаралық қауымдастықтың бұл мәселеде ара түсүін өтіне отырып.

Ал осы кезге дейін Еуропа мен Америка бұл жанжал бойынша қандай көзқарас білдірді деген сауалға Грузия парламентінің төрайымы,

- Бізге халықаралық қауымдастық өте үлкен тірек болып отыр. Бірақ, дегенмен, БҰҰ, ЕуроОдақ және еуропалық елдер бұл мәселеде әлі де болса белсенділік танытқаны жөн болар еді. Грузия мен Ресей ортақ шешімге келуі керек, өзара ынтымақтастық лазым. Рас, ынтымақтастықтың қажет екенін біз білеміз. Бірақ оны қалай іске асырамыз?

Ресей екі жақты қысым жасап, бір жағынан жікшіл елдер Абхазия мен Оңтүстік Оссетияны қолдап, екінші жақтан Грузияның үстінен үстемдік жасаса, оның үстіне Ресейде жасайтын грузиндерге нағыз қысым жасаса ол қандай ынтымақтастық болмақ ? дейді Нино Бурджанадзе.

Парламент төрайымының айтуынша, Ресейде тұратын грузиндерінің көбі Оңтүстік Оссетия мен Абхазиядан қашқан босқындар екен. Меніңше, еуропалық кей елдер екі ел арасындағы қазіргі жанжал бойынша өте сақ мәлімдеме жасап отыр. Рас, Ресей - үлкен мемлекет, Еуропаға Ресейдің мұнай, газы керек. Бірақ біз Ресеймен өзара байланысты бұзып, Еуропа мен Ресей арасында жаңа темір перде орнатпақ емеспіз. Бізге қажеті - дұрыс, орнықты жауап, Ресейдегі соңғы ксенофобиялық әрекеттер Еуропа сондай-ақ, өзге елдерге де өте қауіпті мәселе. Ресейдің демократиялық бағыттағы табысты ел болуын біз де қалаймыз. Бірақ Ресей өркениет, демократия нормаларын бұза берсе, оның энергетикалық байлығына қарамастан, басқалар оған тисті жауабын беруі керек, дейді, Нино Бурджанадзе.

Грузия тарапынан Ресеймен өзара келіссөздерге ынта-тілек бар ма ? деген сауалға Бурджанадзе,

- Сөйлесейік, кеңесейік, деген ниет болса келіссөздерге мүмкіндік әрқашан болады. Сондықтан, Грузия келіссөздерге де, өзара ынтымақтастыққа да дайын. Бірақ ол екі жақты заңдарға, мүдде-мақсаттарға құрметпен қарағанда ғана мүмкін. Егер Ресей өз саясатын өзгертсе, өзара тең, орнықты байланыс болса, онда біз келіссөзге дайынбыз. Кері жағдайда, өзара ынтымақтастыққа жол жабылар, дейді Бурджанадзе.

НАТОмен өзара диалог мәртебесіне ие болғалы Грузия Ресейге сес көрсете бастамады ма ? деген сауалға Бурджанадзе,

- Грузия Ресейге қарсы қандай қатаң әрекетке барып отыр? Бізге қарсы шпиондық жасағандарды тұтқындағанына кінәлі ме? Ресей офицерлерінің айыпталғандығына қарамастан, Ресей өркениетті жолмен наразылық білдіріп жағдайды кеңессе болар еді. Бізде ол шпиондық жөнінде айғақты дерек болғандықтан біз ол істі ОБСЕ ге тапсырдық. Ал, Ресей болса, Грузияны жазалап, басып тастамақ болып отыр, дейді Парламент төрайымы.

Бурджанадзенің айтуынша, Белгияның сыртқы істер министрі, ОБСЕ төрағасы Де Гюгт мырзаның Тбилисиде қазанның екісі, дүйсенбіде болатындығын алдын ала барлық ресейліктер білген. Соған қарамастан, оны білген Ресей өткен сенбі күні санксияларды жариялап жіберді. Одан мақсат, грузиндерді жазалап өте ынғайсыз жағдайда қалтыру болып отыр, дейді.

- Міне, литвалықтар жақында ғана бір орыс шпионын тұтқындады, сонда Ресей Литваға блокада жариялап, дипломатиялық байланысты үзүі керек пе ? Бірақ Литва НАТО мен ЕуроОдаққа мүше болғандықтан Ресей Литваға олай ете алмайды, - дейді төрайым.

Ресейдің Грузияға жасап отырған бұл тірлігі Ураинаға, НАТОға кірсең көргенің осы болады, деген есекертуі емес пекен ? деген сауалға Нино Бурджанадзе:

– Дәл солай. Ресей мұнай үшін түсетін доллар арқасында Еуропа Ресейге тәуелді, сондықтан олар барлығын кешіреді деп ойлайды. Бірақ Грузия мен Украина қазір жолайрықта, күрделі жағдайда тұр. Сондықтан бізге көмек, қолдау қажет. Ал егер ондай қолдау болмаса, онда Ресей Грузияға жасаған қысымын Украинада жалғастырып, газ энергетикалық жазалауын Чехияда немесе Балтық бойы елдерінде де іске асыруы әбден мүмкін. Сондықтан, сіздер Ресейді өркениетті ел болып, демократияға тартуға атсалысуларыңыз керек. Ал, Демократия лық елдер бір-бірімен шайқаспайды, - дейді Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджанадзе.
XS
SM
MD
LG