Accessibility links

Павлодар облысындағы «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекемесінің жұмысшылары талайдан бергі жалақыларын талап етіп митингіге шықты


Павлодар қаласына Астанадан арнайы келген Ауыл шаруашылық министірі Ахметжан Есімов бастаған комиссия жұмысшылардың қарыздарын қайтару туралы шешім шығарып мәселе шешілді делінгенмен мекемеде әзірге ешкім жоқ. Кейбір ақпараттық агенттіктер жұмысшылар жалақы қарыздарын толық қайтармайынша жұмысқа шықпау туралы шешім қабылдамақ ниеті барлығын хабарлайды.

Павлодар облысындағы «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекемесіндегі жұмысшылардың саны 2 мыңнан асады екен. Кейбір жергілікті ақпараттық агенттіктер олардың талайдан жиналған жалақы қарыздарының көлемі 60 миллион теңгеге жеткенін хабарлайды. Сондықтан канал жұмысшылары бұл мәселені әкімшілік алдына қойғанына да біраз болыпты. Өзін таныстырғысы келмеген Екібастұз қалалық әкімшіліктің ішкі істер бөлім қызметкерінің айтуынша алғашқы үлкен митинг өткен аптаның дүйсенбі күніне жоспарланса керек:

- Олардың митингілері қазанның екісінде болуы керек тұғын. Бірақ митинг болған жоқ. Біздің бөлім мен заң бөлімінен барғанбыз, бірақ ешкім келген жоқ, митинг болған жоқ.

Тағы да бір өзін таныстырудан бас тартқан Павлодар облысытық департаменттің ішкі істер бөлімінің маманы «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекемесіндегі қарыздар мәселесі шешілгенін айтады.

«Жұма күні бізде ауыл шаруашылық министірі – Ахметжан Есімовтың қатысуымен Агроөндірістік кеңес өтті. Сонда «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекемесіндегі қарыздар мәселесі шешілді. Қаржының бір бөлігін Павлодар облыстық әкімшілік, бір бөлігін Екібастұз өаласы табатын болып шешілген, сондықтан қызір ешқандай ереуіл жоқ».

Оқиғаға байланысты Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен қосымша ешқандай ақпарат алу мүмкін болмады.

«Сіз бүгін телефон шалмаңыз, онда жөндеу жұмыстары болып, жаңа ғана жиһаздарын кіргізіп жатыр, а ертең телефон орнатқан соң хабарласаңыз» дейді, облыстық әкімшілік қабылдау бөлімінің маманы.

«Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекеме кәсіподағы митингіні көшеде өткізуге рұқсат сұраған екен, оған әкімшілк рұқсат етпепті, сондықтан митинг мекеменің ғимаратында өтіпті. Алайда біз телефон шалғанымызда естігеніміз, кәсіподақ мүшелері Астанадан келген комиссия дүрбелеңімен жүргендігі.

Біз «мекемедегі кез келген бөлім бастығы, жұмысшы болса да қосып беріңізші» дегенімізге, байланысшы қыз ешкімнің телефон алмай жатқандығын айтты.

Ақпараттық агенттіктер «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» мекемесінің қарыздары «Екібастұз-су» мекемесінің бірнеше жылдан бері пайдаланған суы үшін тиесілі ақыны уақтылы төлемей отырғандықтан орын алғанын(олардың қарыздары 600 миллион теңгеден асқан), сондықтан канал иелері Екібастұздағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 – ге 120 миллион теңге қарыз болып әрі жұмысшыларына қарыз болғандықтан банкрот болудың алдында тұрғанын хабарлады. Ахуалдың осыншама ушығуының артында не бар? Кеңестік дәуірден қалған ысырапшылдық па , жоқ меншік иелерін ауыстыру бағытындағы қолдан жасалған әрекеттер ма ? Ол жағы әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG