Accessibility links

Балалары ВИЧ инфекциясына шалдыққан ата-аналар елдегі СПИД індетінің алдын алу туралы заңды қайта қарау қажет деп санайды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Сол себепті олар парламент депутаттарына үндеу жарияламақ. Сондай-ақ, олар өздеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін материалдық көмектің өте аз мөлшерде екендігін айтып, Қазақстан халқынан көмек сұрауда.

Шымкент қаласында тұратын Сағдат Масауровтың отбасы бүгінде психологиялық қиыншылықты бастан кешіруде. Өйткені оның бір жарым жасар немересі айықпас ВИЧ індетіне шалдықты. Алматыға арнайы келген ол халықтан моральдық және материалдық көмек сұрап отыр.

«Міне, мынау менің немерем. Сіздерге қарайды, маған қарайды. Ертең өскенде ата, не болды десе мен не деп жауап беремін? Бұл тақырыпты мен көзіме жас алмай айта алмаймын. Сіздер мені түсініздер. Мен боркемік адам емеспін. Бірақ біз ұрпағымыздың өмірін өз қолымыздан қиып отырмыз ғой. Балаларынан анасына осы ауру жұғып беттерін тырнап, шаштарын жұлып жатқан 25 пен 30 жас аралығындағы жап-жас келіншектерді көргенде жүрегің қан жылайды. Балалары ВИЧ инфекциясына шалдыққан 76 отбасының барлығы бірдей қоғамға керексіз болып қалғандай. Өйткені, менің қызметтестерім, жора-жолдас, туыстарымның бәрі менің отбасымнан бойларын аулақ ұстап, менімен жақын келіп амамандаспайтын болды. Бұл бізге үлкен соққы болып отыр. Қазақстанның СПИД індетінің алдын алу туралы заңы біздің құқығымызды шектеп отыр. Ол жерде ауырған адамның құқығы туралы бірде-бір сөз жоқ. Осы заңды қайта қарауды өтініп, парламент депутаттарына қайырылып отырмыз», дейді Сағдат Масауров.

Ал сейсенбі күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой үкімет отырысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індеті ауыздықталды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың тексеруден өтуі тиіс 10 мың бала мен 18 мың жүкті әйел, 4 мыңға жуық медицина қызметкері түгелге жуық тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде қатерлі індетке шалдыққан 76 бала мен 8 ана анықталды.

Ал облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев: «Ауру балалармен қарым қатыныста болған балалар тексеруден өтіп бітті. Бірақ бұл індет ауыздықталды деп айтуға әлі ертерек. Өйткені ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалар саны әлі күнге дейін өсіп жатыр», деді.

Облыстық әкімшілік ВИЧ инфекциясын шалдыққан 15 отбасына резервтік қордан 100 мың теңге көлемінде жәрдем көрсетілде бастағандығын хабарласа, облыстық денсаулық сақтау департаменті ауруға шалдыққан балалардың барлығына 8872 теңге көлемінде мүгедектік жәрдемақы тағайындалатындығын хабарлады.

Алайда, зардап шеккен ата-аналар көрсетіліп жатқан көмектің тым мардымсыз екендігін алға тартқан ата-ана Сағдат Масауров: «Аурудың бір жылдық емдеу курсы 10-12 мың АҚШ доллары тұратын ескерсек, бұл қаржы түкке де жетпейді. Мемлекет қазірге 100 мың теңге беріп, көмек көрсетіп жатыр. Ертең жарты жылдан соң біз өзімізбен өзіміз болып қаламыз. Бұл ауру өмір бойы жазылмайтын ауру. Соған қарамастан біз күресуіміз керек. Ар-ұят намысымның атынан айтамын бір тиынды да ешқайда жібермей тек балалардың еміне жұмсаймыз. Ағайындар, қолдарыңыздан келгенше көмек беріңіздер», дейді. Оның айтуынша, балалардың ата-анасының бастамасымен құрылған «СПИД-тен балаларды қорғайық!» атты қайырымдылық қорға бүгінгі таңда 1 млн. 800 мың теңге қаржы түсіпті.

«СПИД-тен балаларды қорғайық!» атты қайырымдылық қордың есеп-шоты

ИИК 000700244 – KZT 003070405 – USD 003070706 – EURO 058160196 - RUR РНН 582100264723 БИК 195801704 КБЕ 18 КНП 119

Банктың реквизиты

«Каспийский банкі» АҚ. Шымкент қаласы, Қалдыаяқов көш. 4/3, ИИК 000886418, БИК 195801704. РНН 582100017293 S.W.I.F.T.: CASPKZKA
XS
SM
MD
LG