Accessibility links

Бішкектегі баспасөз еркіндігін қолдаған шерулер жалғасып жатыр


Бүгін бірнеше қырғызстандық азаматтық құқық қорғаушы белсенділер, ақпарат өкілдері және оппозиция жетекшілері Бішкектегі үкіметтік үй алдында баспасөз еркіндігін қорғап шеру өткізді. Олардың қойған талаптарының ішінде, 28-ші қыркүйекте Қырғызстандағы тәуелсіз телеканал Пирамидаға жасалған шабуылды зерттеуге шақырған үндеулер бар. Және олар таяуда құрбан болған ресейлік журналист Анна Политковскаяны еске алып бір минут үнсіздік жариялады.
XS
SM
MD
LG