Accessibility links

Ирандық журналист халықаралық сыйлыққа ие болды


Ирандағы тәуелсіз, зерттеуші журналист Акбар Ганжи кеше Женевадағы ресми салтанат кезінде Адам құқын қорғаушылардың 2006-жылғы Мартин Енналс сыйлығымен марапатталды. Акбар Ганжи Ирандағы зиялылардың қасақана өлтірілуі туралы жазған айыптау мақалалары үшін 6 жыл түрмеде отырып шыққан. Женевада сыйлық ала отырып, Ганджи өз атамекені Иранға қайтып, демократия үшін күресін жалғастыра беретіндігін айтты.

- Демократия үшін өз еліңде жүріп күресуің керек. Мен Швейцариядағы емес, Иран үкіметіндегі өзгеріс, Ирандағы демократия үшін күресемін, - дейді журналист Акбар Ганджи.
XS
SM
MD
LG