Accessibility links

Қабардин-Балқар еліндегі террорлық шабуылға бір жыл болды


Ресейдің оңтүстігіндегі Қабадин-Балқар республикасының астанасы Нальчиктегі содырлардың әскери, әкімшілік нысандарына жасаған шабуылының бір жылдығына орай еске алу шаралары өтті. Өткен жылы осы кезде 200-дей қарулы экстремист Нальчикте қарулы шабуыл жасап, 35 милиционерді және қатардағы 12 адамды атып өлтірген болатын. Ол күні содырлардан 92 кісі қаза тапқан еді. Ал республика президенті Арсен Қонақовтың айтуынша, ол қырғынның себебі осы кезге дейін беймәлім қалып отыр екен. Бірақ құқық қорғаушылар ол қазаға жергілікті билік орындарын айыптайды.
XS
SM
MD
LG