Accessibility links

Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бан Ки Мун БҰҰ-ның Бас хатшысы болып тағайындалды


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ресми түрде әлемдік ұйымның келесі бас хатшысы ретінде Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бан Ки Мунды тағайындады. Ол өзінің азиялық елден екінші болып БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде таңдалып отырғанын мақтан тұтатынын айта келе:

“Бас хатшы ретінде, мен БҰҰ-ның жарғысымен менің кеңсеме берілген барлық құзырды әрі сіздер берген мандатты пайдаланатын боламын. Мен адамзат өкілдерінің өте әлсіз тұсын қорғауға, аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікке төнген қауіпті бейбіт жолмен шешуге жауапкершілік аламын”, - деген.

Сөйтіп, 1997 жылдан бері БҰҰ-ның Бас хатшысы болған Кофи Аннанның орнына енді Бан келеді. Ұйымның жаңа басшысы бұл лауазымына 1-ші қаңтардан бастап кіріседі. Бұл тағайындау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG