Accessibility links

БҰҰ басшылығына азиялық өкіл келді


БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Бан Ки Мун ұйымның бас хатшылығы қызметіне қаңтардың 1-інен бастап отыратын болды. Бас Ассамблея алдында тұрып Бан Ки Мун өзінің бұл қызметке бүкіл Азия елдерінен 2-ші өкіл болып келгендігін мақтаныш сезімімен былайша жеткізді.

- БҰҰ-ның бас хатшысы ретінде бұл қызметке ұйым хартиясында жазылғанындай үлкен жауапкершілік мандатымен келіп отырмын. Сондықтан халықаралық қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты сақтау үшін қауіп-қатерге қарсы бейбіт тәсілдермен күресуге бар ынта-жігерімді жұмсаймын, - деген БҰҰ-ның жаңа жетекшісі Бан.

Банның айтуынша, ұйымның негізгі нысанасы кедейшілік, СПИД-ке қарсы күрес және табиғат қорғау болмақ.

БҰҰ-на 1997-жылдан бері Кофи Аннан жетекшілік етіп келді.
XS
SM
MD
LG