Accessibility links

Пхеньянға ядролық сынақтары үшін санкция салынды


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жүргізгеніне жауап ретінде оған санкция енгізу жөніндегі қарарды бірауыздан қолдап дауыс берді. Құрама Штаттар ұсынған қарар жобасында, Солтүстік Корей еліне әскери техникалар мен қару жасайтын материалдар жеткізуге немесе сатуға тыйым салады. Пхеньянға қарсы салынған бұл қаржылай және әскери санкциялар бойынша, БҰҰ-на мүше елдер солтүстік кореялық компаниялардың әскери бағдарламаларға қатысты барлық есеп шоттарын жабуы керек. Ол қарарда Пхеньянға қарсы әскери күш қолдануға жол бермеу қажеттігі айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG