Accessibility links

Түркия ресми ақпарат агенттігі президент Ж.Ширак Франция заң жобасына байланысты өкініш білдірді деп хабарлады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, Франция президенті Жак Ширак Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезіндегі армяндардың өлтірілуі геноцид екендігін растайтын француз заң жобасына байланысты өкініш білдірген. Бұл туралы Түркияның “Анатолия” ресми ақпарат агенттігі хабарлады. Бейсенбі, яғни қазанның 12-і күні мақұлданған заң жобасына сәйкес, егер Осман империясы кезіндегі армяндарға жасалған геноцид мойындалмаса онда ол қылмыстық іс деп есептеледі. Бұл заң жоба күшіне енуі үшін оны алдымен Сенат мақұлдауы тиіс кейін оған президент қол қою керек болады.
XS
SM
MD
LG