Accessibility links

Армения Сыртқы істер министрі Түркиямен арадағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін әрекет жасаймын деп мәлімдеді


Армения Сыртқы істер министрі Вардан Осканян Түркия Осман империясы кезіндегі армяндардың жаппай өлтірілуін “геноцид” деп атаудан бас тартса да, Түркиямен арадағы қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін әрекет жасаймын деп мәлімдеді. Осканянның айтуынша, Анкараның бұдан бұрын не болғандығын мойындамауы “геноцидтің жалғасып келе жатқанын” білдіреді. “Бірақ менің міндетім болашаққа қарап, Түркиямен қарым-қатынастарды қалпына келтіру”, - деп атап көрсетті Армения сыртқы істер министрі. Түркия Армениямен арадағы шекарасын 1993-ші жылы жауып қойған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG