Accessibility links

Президент Каримов Әндіжан оқиғасына байланысты бұрынғы әкімді кінәлауда


Өзбекстаннан келіп түскен хабарларға қарағанда, президент Ислам Каримов өткен жылғы көтеріліске байланысты қызметінен босатылған Әндіжан әкімін айыптауда. Жұма күні парламент отырысында сөйлеген сөзінде Каримов Сайдулло Бегалиевтің “келте саясаты” мен “халық мұқтаждарына жеткілікті түрде назар аудармағандығы” Әндіжан оқиғасының орын алуына бірден-бір себеп болған деген. Каримов жұма күні Бегалиевті қызметінен босатып, оның орнына Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды өкілін тағайындады.
XS
SM
MD
LG