Accessibility links

Өзбекстан түрмесіндегі адам хұқтарын қорғаушы М.Тәжібаеваның туыстары оның денсаулығына алаңдаулы


Өзбекстан түрмесінде жатқан адам хұқтарын қорғаушы Мотабар Тәжібаеваның туыстары оның денсаулығына байланысты алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы Интернеттегі тәуелсіз ақпарат парақшасы хабарлады. Тәжібаеваның қызы 44-жастағы анасының аштықтан денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтқан. Ал Тәжібаеваның бауыры 8 жыл бас бостандығынан айырылған Мотабардың сыртпен хат-хабар алысуға мүмкіндігі жоқ деген. Мотабар Тәжібаева Ирландиядағы халықаралық конференцияға қатысу үшін дайындалып жатқан кезінде өткен жылы қамауға алынған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG