Accessibility links

Темір перде алынған соңғы 15 жыл ішінде оңтүстік-шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде экономика қарқынды дамуда


Әсіресе Ресей және мұнайлы елдерде бұл құбылыс айқын байқалуда. БҰҰ-ның Сауда және Даму конференциясы арнайы баяндама жариялады. Бұл аймаққа шетелдік тікелей инвестициялардың көптеп келуде екендігі осы баяндамада айтылған.

БҰҰ-ның Сауда және Даму Конференциясының 2006-шы жылға арналған “Әлемдік инвестиция” атты баяндамасында айтылғанындай өткен жылы оңтүстік-шығыс Еуропа мен ТМД елдеріне келетін шетелдік тікелей инвестициялар жоғары күйінде қалған болатын. Алайда бұл көрсеткіш үш елде төмендей түскен екен. Ресейде бұл көрсеткіш 14 миллиард 600 миллион долларды құраған. Ал, 2004-ші жылы ол 15 миллиард 400 миллион шамасында болған. Экономикалары мұнай мен газға байланған Қазақстан және Әзірбайжанда шетелдік тікелей инвестиция көлемі күрт төмендеп кеткен. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2004-ші жылы 4 миллиард 100 миллион доллар шамасында болса, өткен жылы ол көрсеткіш 1 миллиард 700 миллионға құлдырап кеткен екен. Әзірбайжан жағдайында 2004-ші жылғы 3 миллиард 600 миллион доллардан өткен жылы 1 миллиард 700 миллионға төмендеген. Бұл құбылыстар аталған елдердегі экономикалық проблемаларға байланысты емес, делінген баяндамада. Халықаралық Қаржы қорының Әзірбайжандағы қызмет басшысы Витали Крамаренконың айтуынша бұл елге келетін инвестицияның 90 тіпті одан да көп пайызы мұнай саласына енгізілуде. Сарапшының айтуынша, мұндай құбылыс таяу болашақта сақтала беретін болады.

“Әзірбайжан жағдайында көптеген жобалар 2007-ші жылы аяқталатын болады. Ол жобаларға газ және мұнай құбырлары еніп отыр. Сондай-ақ кең көлемдегі мұнай мен газ кеніштерін іздеу де осы жоба құрамында қамтылған. Мұнай саласына келетін шетелдік тікелей инвестиция 2006-2007-ші жылдары одан әрі төмендеуі мүмкін”, - дейді Крамаренко мырза.

Оның айтуынша, сол жылдарда салған қаржыларын қайтарып алып кету үдерісі одан әрі жалғасатын болады. Халықаралық Қаржы қорының тағы бір өкілінің айтуынша Қазақстанға шетелдерден келетін тікелей инвестиция 2004-ші жылы көтерілген екен. Алайда 2005-ші жылғы оның көлемі 2003-ші жылғы деңгейге түсіп қалған.
XS
SM
MD
LG