Accessibility links

Ресми Астана лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрестің құралын мәдениет мен рухтан іздеп отыр

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

17-қазан Рухани келісім күнінде Астанаға жиналған әлемнің мәдени өкілдері саясат лаңкестікке қарсы күрестің құралы бола алмайды деп топшылайды. Сондықтан да экстремизм мен лаңкестікпен енді мәдениет адамдары күресіп көрмекші.

Қыркүйек айында Астана өткен әлемнің дәстүрлі дін жетекшілерінің екінші съезінде әр тараптан жиналған дін басылар да қауіпсіздік мәселесін талқылаған болатын. Олар қай діннің түрі болмасын лаңкестікке қарсы екенін айтып, бір мәмлеге келгенімен, дін терісін жамылған қасқырдың қайдан шығатыны жөнінде талқылағанда Крыловтың «түлкі мен тырнаның достығы» мысалындай тарқасқан еді. Енді Астанада екі күнге созылған Рухани келісім күнінде ресми билік қауіпсіздік мәселесін мәдени өкілдермен талқылауға көшті. Рух пен мәдениет экстремизм мен лаңкестікке қарсы деп аталатын халықаралық мәжіліске әлемнің әр тарабынан қонақтар шақырылғанымен, атаулы жиынға тек Ресейдің өкілдері келген. Дегенмен төртеу түгел жиналмаса да Мәдениет танушы Мұрат Әуезов бұл жиынның әлем дін жетекшілерінің съезінен әлде қайда маңызы бар екенін айтады:

– Жалпы біздің қазақстандық қамымызды дұрыстап ойласақ, онда жаңа түрлерін іздеген жөн. Дін мен мәдениет ортақ бір рухани мәдениет болады.

Ал Ресейдің белгілі жазушысы, журналист Генрих Боровик соңғы кездері лаңкестік пен экстремизим тақырыбы өте саясиланып кеткенін айтады. Сонымен бірге тек теория жүзінде ғана талқылануда дейді. Ал саясаткерлер мен экономистер зорлық, зомбылықты тек сұлулық ғана құтқаратынын естен шығарған. Мұны кезінде Достоевскиидің өзі «әлемді сұлулық құтақарады» деп жазып кеткен. Ал сұлулық дегеніміз, өнер, мәдениет. Бұлар адамды тәрбиелеудің бірден-бір құралы, – дейді Ресей жазушысы Генрих Борових.

Ресей жазушысының айтуынша, 21 ғасырда көп мәселелерде ақша үстемдік құрады.

Ал Құран Кәрімді орысшаға аударған ғалым Валерия Порохова АЛЛАҺ адамды жаратқан кезде әрқайсысының бойына жақсы қасиет береді. Соны әр адам өзінің түйсігімен, білімімен дамытады. Мәселен біреу атақты физик болып шықса, енді біреуі генетик, енді біреуі танымал хирург болып шығады, – дейді орыс ғалымы Валерия Порохова.

Енді белгілі қазақстандық мәдениет танушы Мұрат Әуезов рух пен мәдениеттің лаңкестікті, зорлық зомбылықты жеңетініне шүбә келтірмейді:

– Ешуақытта адам мен адамның арасында, ұлттар мен ұлттардың арасында, мемлекет пен мемлекеттердің арасында қайшылық туғызуға діннің кінәсі жоқ. Дін мен мәдениет осы екі күш қосылса, шынымен көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік туар еді. Ал саясат, экономика тек өз пайдаларын ойлайды.

Мұрат Әуезовтің айтуынша, қазақ даласын мекендеген көшпенділер өз ұрпағына дамудың жолдарын жазып кеткен:

– Біз көшпенді өркениеттің ұрпақтарымыз. Біздің эпостық жырларымызда «жеті қырдың басынан астың ба, жеті жұрттың тілін білдің бе?» дейді. Ал мына көне Қытай, Үндістан, Иран сияқты көне өркениеттер жаңа көшпенділердің дүние танымын кездестірген кезде олар өздері туралы тереңірек ойлай бастады.

Бұл жолы Астанаға жиналған мәдениет өкілдерінің рух пен мәдениеттің лаңкестікке қарсы тұра алатанына ешқайсысы күмән келтірмеді.
XS
SM
MD
LG