Accessibility links

АҚШ президенті Ирақтың бөлінуіне қарсы


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтың күрдтер мен шиттер және суниттер аймақтарына бөлінуіне қарсы екенін айтты. Фокс Ньюс телеарнасына берген сұхбатында президент Буш Ирақтың автономиялық аймақтарға бөлінуі елдегі бейберекеттікті одан сайын ұлғайта түседі деп мәлімдеді. Буш, сондай-ақ, Ирақ премьер-министрі Нури Әл-Маликидің үкіметіне сенетінін айтқан. Бірақ Ирақ үкіметі елдегі зорлық-зомбылықты тоқтату үшін көбірек іс атқаруы керек деген президент Буш.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG