Accessibility links

Еуропа одағы сыртқы істер министрлері Ресейдің Грузияға жасап отырған қысымын айыптайтын мәлімдеме жариялады


Ол мәлімдемеде Ресейдің Грузия еліне қарсы жасалған экономикалық, саяси және гуманитарлық шараларының ауыр салдарына қатты алаңдаушылық білдірілген. Бұл орайда ЕуроОдақ сыртқы байланыстар комиссионері Бенита Ферреро-Валднер ханым былай деді:

– Бұл мәселеде екі тарап та жауапкершілікті мойнына алып алдымен өзара айыптауларын тоқтатуы керек. Ал одан кейінгі Ресей мен Грузия арасындағы өзара дұрыс байланыс тек қана дипломатиялық келіссөз арқылы ғана шешілмек.

Комиссионердің айтуынша, екі ел арасындағы бұл жанжалдың төркіні жікшіл елдер Абхазия мен Отүстік Оссетияда жатыр екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG