Accessibility links

Қытай: Солтүстік Корея енді халықаралық қауымдастық талабына құлақ асқаны жөн


Қытай, енді БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы жарияланатын санкцияларды мақұлдап қойғаннан кейін Солтүстік Кореядан жағдайды одан әрі ұшықтырмауын сұрап отыр.

Ол санкция Солтүстік Кореяның ядролық сынағы үшін жарияланған. Дегенмен, хабарларға қарағанда, Солтүстік Корея бұл арада келeсі бір ядролық сынаққа дайындалып жатқан сықылды. Бұл орайда, Сеулден тұрып, АҚШ мемлекеттік хaтшысының көмекшісі Хилл:

- Солтүстік Кореяның халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамай келесі бір сынақ өткізуі бұл соғысқа кіріскен елдің әрекетіне ұқсайды. Сондақтан, бұған халықаралық деңгейде тиісті жауап берілетін болар, - деген үміт айтады.

Еуропа одағы ядролық сынағы үшін сейсенбі күні Солтүстік Кореяны қатты айыптады.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG