Accessibility links

Қытай арнайы елшісі Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ирмен кездесті


Қытай арнайы елшісі Таң Джиксуан бүгін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ирмен кездесті. Олар осы елдің ядролық бағдарламасын талқылады, осы бағдарламаға қарсы бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының санкцияларын талқылады. Қытай сыртқы істер министрлігі келіссөз "өте маңызды" болды деді, бұдан артық мәлімет бермеді. Солтүстік Корея ақпарат агенттігі Қытай арнайы елшісі Қытай президенті Ху Дзинтаоның хатын табыс етті деді, екі тараптың әңгімесі "достық жағдайда өтті, тараптар Корей түбегіндегі бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады" деді.
XS
SM
MD
LG