Accessibility links

Алматыда, Еуропа Комиссиясының комиссары Бенита Феррера Вальднер ханым БАҚ өкілдерімен және оппозиция жетекшілерімен кездесті


Қазақстанда ресми сапармен жүрген Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропалық көршілестік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро Вальднер ханым жұма күні Алматыдағы Еуропа Комиссиясы өкілдігінің үйінде қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, өзінің Еурокомиссар ретінде Қазақстанға жасап отырған тұңғыш сапары оның қортындысы жөнінде баяндады.

Ол өзінің сөзінде Еуропа Одағының шығысқа қарай кеңеюуі процессінің нәтижесінде сондай ақ Еуроодақтың жақсы, тату көршілік саясаты арқасында Қазақстанның ЕуроОдаққа барған сайын жақындай түскенінін айтты. ЕуроОдақ ең алдымен Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықтың болуын шын ниетімен қалайды, бұған баса көңіл бөледі деді ол.

Сондықтан Еуропа Одағы Орталық Азия аймағындағы есірткі тасымалы, халықаралық ұйымдасқан қылмыс пен терроризмге қарсы күресте қолдау көрсетуге әріптес ретінде әрқашан дайын деді ол.

Ал Қазақстанға келер болсақ Еуроодақ пен Қазақстан арасында серіктестік пен ынтымақтастық жөнінде қол қойысқан маңызды келісімдер бар соған қарамастан алдағы болашақта ЕуроОдақ пен Қазақстан тағы бір маңызды келісімге келуге дайындалып жатыр.

Бұл Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында энергетика саласында қол жеткізілмек келісім болмақ деді Еурокомиссар Венита Ферреро Вальднер ханым.

Еурокомиссар Бенита Ферреро Вальднер ханым сондай ақ Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесі жөнінде бұл мүмкіндікті ешкімде жоққа шығармайтындығын айта келе алайда Қазақстан кейбір экономикалық жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан елде саяси реформалар жүргізу мәселесінде әліде істелетін істердің барлығын алға тартты. Елдегі қәзір жүріліп жатқан саяси реформалардың нәтижесі ОБСЕ стандарттарына сай келген жағдайда Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық ете алады деді ол.

Жұма күні Еурокомиссар сондай ақ Қазақстандағы оппозиция жетекшілерімен де кездесіп елдегі сыртқы және ішкі саяси жағдайлар жөнінде сөйлесіп, ой бөліскен.

Осы кездесуге қатысқан ‘Әділетті Қазақстан үшін‘ қоғамдық қозғалысының төрағасы Жармақан Тұяқбай Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық ету үшін елде тиісті демократиялық реформалардың жүрілуі қажеттігін алға тартқанын, елдегі саяси көзқарасы басқа адамдарды қуғындау, саяси репрецияға ұшыратуды тоқтату сондай ақ оппозиция мен билік арасында диалог орнату керектігі жөнінде айтқан.

Ал осы кездесуге қатысқан оппозицияның тағы бір жетекшісі Серікболын Әбділдин Еуроодақ бола ма АҚШ бола ма олардың барлығын Қазақстандағы демократия жағдайы ешбір алаңдатпайтындығын оларды тек Қазақстанның мұнай-газы мен басқа байлықтарының алаңдатып отрғанын айтады. Сондықтан батыстың осындай жоғары дәрежелі комиссар, өкілдері келеді, кетеді олардан түк шықпайды. Қазақстанның ішкі мәселесін, ішкі проблемасын сырттан ешкімде келіп шешіп бермейді, қазақстан халқы өзі ғана шешуі керек дейді ол.
XS
SM
MD
LG