Accessibility links

Ауғанстан үкіметі халықаралық қауымдастықты ауғандықтарға көмек көрсетуге шақырды


Ауғанстан үкіметі халықаралық қауымдастықты соғыстан зардап шеккен ауғандықтарға 43 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетуге шақырды. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, Ауғанстанда бидай өнімі аз болғандықтан 2 милллионға жуық адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек болады. Сондай-ақ, Урузган, Хелманд және Қандағар провинцияларында соғыс әрекеттерінен 20 мыңдай адам басқа жерлерге көшуге мәжбүр болған, соларға да жәрдем беру керек дейді ауған үкіметі. Ауғанстанға қатысты тағы бір жаңалық: Елдің оңтүстігіндегі Забул провинциясында НАТО күштері кемінде 15 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады.
XS
SM
MD
LG