Accessibility links

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс еліне оралады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ресей мен Азия елдеріне жасаған сапарынан кейін бүгін Вашингтонға оралады деп күтілуде. Сенбі күні Райс ханым Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін талқылады. Ал оның алдында Кондолиза Райс Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай елдеріне барып, Пхеньянға қарсы БҰҰ санкцияларын іске асыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізген болатын.
XS
SM
MD
LG