Accessibility links

120 мың қыз-баланы оқытатын 4 мың әйел мұғалімін дайындауға 13 млн. доллар бөлінеді


КАБУЛ: Канада Ауғанстан әйелдерінің тұрмысын қалпына келтіру мен дамуына 26 млн. доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді. Жексенбі күні Ауғанстанда болған Канаданың халықаралық ынтымақтастық министрі Джоси Вернер ханымның хабарлағанындай, осы қаражаттың тең жартысы Ауғанстанның 11 өлкесіндегі 120 мыңдай баланы, оның ішінде көбіне қыз-баланы оқытатын 4 мың әйел мұғалімін дайындайтын оқу орындарын тұрғызу мен оқытуға жұмсалады. 5 млн.-дай қаржы шамамен 1.5 мың ауған әйелінің жеміс-жидек пен көкөніс өсіріп, сатуына көмек ретінде бөлінеді.
XS
SM
MD
LG