Accessibility links

Косово өлкесінің Сербиядан бөлінуін Ресей мен Қытай құптамайды


БЕЛГРАД: Сербияның премьер-министрі Воислав Коштуница БҰҰ-ының Косово өлкесіне тәуелсіздік алып беруіне Ресей мен Қытай жол бермейді деп сенеді. “Кешкі жаңалықтар” газетіне берген сұхбатында В.Коштуница осы мәселе туралы әсіресе Мәскеудің айқын да бұлтармас ұстанымын ерекше атап өтті. Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша Ұлттар Ұйымының дәнекер болуымен таяуда болып өткен келіссөз ешқандай нәтиже бермей сәтсіз аяқталды. Косово халқының басым бөлігін құрайтын албандықтар Сербиядан тәуелсіздік алғысы келеді, бірақ ресми Белград оған келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG