Accessibility links

АҚШ дипломаты Вашингтонның Ирақтағы саясатын “ақылсыз”, “менменшіл” деп санайды


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өзінің жоғары лауазымды қызметкерінің Ирақтағы АҚШ саясатын нашар бағалаған сөзінен жалтарды. Мемлекеттік департаменттің Таяу Шығыс аймағы бойынша Бюросының мүшесі Альберто Фернандес арабтардың “Әл-Жазира” телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Ирақтағы саясатын “менменшіл” және “ақылсыз” деп бағалаған болатын. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Шон Маккормак: “Фернандестің мұндай бағасы АҚШ әкімшілігінің ұстанымы емес” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG