Accessibility links

Иран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің жазасынан қорықпай, “ісін” жалғастыруда


ТЕҺРАН: Дипломаттар Иран уран шикізатын байытуға болатын центрофуга жабдығының екінші жиынтығын сынақтан өткізді деп есептейді. Ол туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлайды. Дипломаттардың хабарына қарағанда, Иран өзінің Натанздағы орталығында 164 центрофугадан тұратын жиынтығын сынады, бірақ оны уранды байыту үшін пайдаланбады деп санайды. Ресми Теһранның өзі оны әзірше растамай отыр. Дипломаттардың атап көрсетуінше, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан өзіне жаза қолдану қатерінің төнуіне қарамастан, Иран ядролық қару жасауға қажетті уранды байытуға да, бейбіт атом қуатын өндіруге болатын центрофугалардың екінші жиынтығын іске қосып отыр.
XS
SM
MD
LG