Accessibility links

МАГАТЭ: КХДР-сымен және Иранмен арадағы келіссөз жалғаса беруге тиіс


ВАШИНГТОН. Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директорының мәлімдеуінше, Солтүстік Кореямен және Иранмен арадағы келіссөздер осы екі елді ядролық бағдарламаларынан бас тартуға көндіруге тиіс. Дүйсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде МАГАТЭ-нің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради аталған 2 елге қарсы жаза қолдану нәтиже береді деп санамайтынын, керісінше – олардың қарсылығын күшейте түсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Мұндай пікірімен Әл-Баради АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен келіссөзінен кейін Джорджтаун университетінде бөлісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG