Accessibility links

Ирақтың мұнай мәселелері жөніндегі министрі Жапонияда келіссөздер өткізіп жатыр


Бүгін Токиода Жапония мен Ирақ ресмилері негізінен Ирақтың мұнай секторын қайта құруға пайдаланылатын 3,5 млд доллар қарыз ақшаның егжей-тегжейлі мәселелері бойынша келіссөз өткізіп жатыр. Ирақтың мұнай мәселелері жөніндегі министрі Хуссейн әл Шахристани Жапонияның сауда министрі Акира Амари және сыртқы істер министрі Таро Асомен кездесті. Әл Шахристанидің сөзіне қарағанда, Ирақ елдің солтүстік бөлігіндегі үдей түскен мұнай құбырларына жасалған қастандық шабуылдардан күніне 400,000 баррель жоғалтады екен.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG