Accessibility links

Черногорияда алғаш рет тәуелсіз қаламгерге қастандық жасалды


ПОДГОРИЦЕ: Черногория полициясы белгілі қаламгерге қастандық жасап, оның оққағарын өлтіріп кеткен 3 қаскүнемге іздеу жариялады. Еврем Бркович – Черногория үкіметі мен ұйымдасқан қылмыстың өзара ауыз жаласқаны туралы жазып келді. Сейсенбі күні кешкісін қаскүнемдер оны Подгорицедегі үйінің маңында тосып алып, Брковичті темір қиындысымен және тапаншамен ұрып жыққан. Оған араша түспек болған оққағарын атып кеткен.
XS
SM
MD
LG