Accessibility links

НАТО 38 тәліптің көзін жойғанын мәлімдесе, жергілік халық 90 тұрғынның қырылғанын айтады


КАБУЛ: НАТО басқаратын халықаралық күштер Ауғанстанның оңтүстігінде болған 2 қақтығыста 38 тәліптің көзін жойды. НАТО өкілінің хабарлауынша, бұл шайқастар сейсенбі күні Кандагардың Жари және Панжуаи аудандарында болған. Жергілікті тұрғындарды сілтеп көрсеткен Ауғанстанның ақпарат агенттігі хабарлағандай, әуе соққысынан 90-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Кандагар өлкесі - өткен айда 2 аптаға созылған шайқастардың сахнасы болды.
XS
SM
MD
LG