Accessibility links

Ирақ премьер-министрі елдегі АҚШ әскері мен дипломаттарын ащы сынға алды


БАҒДАД: Бүгін Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Mәлики Бағдад қаласының Садр-сити ауданындағы АҚШ әскерінің түнгі жорығына наразылығын білдірді. Үкімет төрағасы АҚШ әскерінің өзімен кеңспегенін айтып, “мұндай қылықтың қайтып қайталанбауын” талап етті. Бір хабарға қарағанда, әсіре шийтердің қарулы жасағының “бекінісі” болып саналатын Садр-сити ауданына жасалған осы жорықтың салдарынан кемінде 4 адам қаза болған. Сондай-ақ Әл-Мәлики АҚШ әскерилері мен дипломатарының сейсенбі күнгі түсініктемелеріне де наразы болды. Кеше АҚШ елшісі Залмай Халилзад Ирақтағы қантөгісті ауыздықтаудың нақты кестесі болуға тиіс деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG