Accessibility links

Оңтүстік Кореяның 2 министрі қызметтеріне кетуге өтініш берді


СЕУЛ: Бүгін Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореямен бірігу істеріне жауапты министрі қызметтен кетуге өтініш берді. Кеше Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі де осындай өтініш берген болатын. Екі министр де Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізгені үшін жанама түрде болса да өздерін “жауаптымыз” деп санайды. Олар Пхеньянды сынақтан бас тартуға дер кезінде көндіре алмаған көрінеді. Оңтүстік Корея президенті олардың өтініштерін қарау үстінде.
XS
SM
MD
LG