Accessibility links

Р.Муминовты өз еліне қуған Ресей өз заңдарын өрескел бұзды


МӘСКЕУ: Саяси баспана іздеген өзбек азаматы Рүстем Муминов өз ықтиярынсыз Ресейден Өзбекстанға жіберілді. Мәскеудегі елден шығарылатын шетел азаматтарына арналған орталығының шенеунегі Юлия Пигарина “Азаттық” Радиосынның “Муминов Ресейден қашан қуылды?” деген сұрағына: “Мәскеу прокуратурасының шешімі бойынша ол Өзбекстан территориясына қуылды. Оның қуылғанын мен білемін. Қай күні шығарылғанын айта алмаймын, білмеймін”, деп жауап берді. Р.Муминов – адам құқы бойынша Еуропалық соттың оны Өзбекстанға бермеу туралы шешіміне қарамастан, Ресейден қуылып отыр. Адам құқын қорғаушылар мұны заңдылықтарды өрескел бұзу деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG