Accessibility links

Тәжікстанда 6-шы қарашада президенттік сайлау өтеді


Тәжікстандағы президенттік сайлауларға екі аптадан аз уақыт қалды. Президенттіктен үміткер бес кандидаттың Имомали Рахмоновтан басқа төртеуі қоғамға жақсы таныс емес. Сондықтан, ол төрт үміткер сайлау алды науқан жүргізуді басқаша дәстүрмен бірлесе отырып бастаған. Енді Азаттық радиосының президенттіктен үміткерлердің Тәжікстанды аралап, сайлаушыларға қандай уәде беріп жүргенін сұрастырған еді.

Президенттіктен үміткерлердің Тәжікстанның шығысы мен батысын автобус, ұшақ немесе көлікпен аралауы дауыс берушілердің сайлау алдында уәде берушілермен кездесуіне мүмкіндік тудырып отыр. Кандидаттар бірінші кезекте шалғайдағы аудан Таулы Бадахшон аймағына барды. Бұл аймақтан шығып, көрші Рашт ауданына жол тартқан кандидаттармен және ондағы бірқатар сайлаушымен Азаттық радиосының Тәжік қызметі хабарласқан еді. Бұл арадағы сайлаушы халықпен кездесіп жүрген Коммунистер партиясының кандидаты Исмойл Талбаков мемлекет халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету керек дей келе, елдегі бағасы шарықтаған баспана мәселесін көтерген:

“Тәжістанда баспана мәселесі терең дағдарыста тұр. Біз мұнда үйлер салынбай жатыр, прогрес жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, қалалардағы салынған үйлердің бағасы қазір $50,000 нан 300,000 долларға жеткен. Бұл айына 20-23, немесе 33 доллар көлемінде жалақы алып отырған біздің адамдарымыз үшін мүмкін бе? Мұндай үйді сатып алуға кімнің мүмкіндігі болады?”

Осылайша тұрғын бағасының қатты шарықтап кеткенін көтерген президенттіктен үміткер Талбаков, бұл Рашт пен жалпы Тәжікстанның шығысы ауылдық жер екенін түсіне отырып, бұл аймақтағы жергілікті жұрттың мүддесін қамтуға тырысты:

“Ауылдарға қараңыз. Олар үй тұрғызып жатыр. Бірақ, салынған үйлер тек ауыл тұрғындарының 10-15 проценті үшін ғана. Қалғанына ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан, егер Коммунистік партиясы жеңетін болса, біз тұрғын үй бағдарламасын дайындар едік” -дейді коммунистердің кандидаты.

Ал, Социалистік партияның кандидаты Абдухалим Ғаффоров несие алу мүмкіндігін кеңейту үшін банк жүйесін реформалау мен несие саласын дамытуға сөз берді:

“Бүгін біздің банктеріміз бюрократтық жағдайда жұмыс істейді. Және кез келген адам банктен артық кредит ала алмайды”.

Сондай-ақ, Аграрлық партиядан Әмір Қарақұлов шикізат экспортын тоқтату қажеттігін көтеріп, оның орнына дайын өнімдерді экспортқа шығару мәселесін алға тартады.

Төртінші кандидат Экономикалық реформалар партиясынан Олимжон Бобоев шынайы экономикалық реформалар жасауды ұсынады. Бобоев қазіргі президенттің қолдауындағы экономиканың бүгінгі құрылымы реформаларды қолдай алмайды деп, шынайы қадамдар жасау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар Азаттық радиосы бұл президенттіктен үміткерлердің сайлау алды науқаны жөнінде сайлаушылардың пікірін де сұраған еді. Енді Рашт аймағындағы сайлаушылардың бірі Мирзошох Акобирды тыңдап көрсек.

“Мені кандидаттардың аймақтық бөлінумен қалай күресетіні жөніндегі жоспарларын тыңдау қызықтырды. Олардың бағдарламасы қандай? Себебі біз бір ұлтпыз, бірақ аймақтық бөліну әрдайым бір-бірімізді жауластырады”.

Рашт аймағының мұғалімі Абдулазиз Ходжиев өзі үшін басым бағыттағы мәселе ұстаздардың жалақысын көтеру екенін алға тартқан.

“Мектептерде тәжірбиелі ұстаздар мен мамандарды ұстап тұру үшін жақсы жалақы керек. Біз кандидаттардан мұғалімдердің жалақысын көбейту үшін не істейтінін сұрайық деп едік”.

Жалпы, сыншылар және президенттік сайлауда сөзсіз Рахмонов жеңіп отыр деп ойлайтындардың көбі, президенттіктен үміткер бұл төрт кандидат сайлау алды науқанның мақсатсыз екенін, оның тиімді нәтиже бермейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG