Accessibility links

Бүгін Хельсинкиде Украина мен Еуро Одақтың саммиті өтуде


Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко өз елінің келешекте Еуропа одағына ену мүмкіндігін талқылау үшін Еуро Одақ елдерінің жетекшілерімен Хельсинкиде кездесті. Саммиттің алдында Финляндия президентімен кездескен Виктор Ющенко, Украинаның стратегиялық мақсаттарының бірі - алдағы уақытта Еуро Одаққа ену қажеттігі деп айтқан.

“Біз Украинаның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үшін бірін жасаймыз. Біздің жоспарымыздың екінші бөлігі - Еуропа Одағымен кең көлемді келіссөздер жүргізіп, Украинаның Еуро Одаққа қосылуына әкелетін келісімдерге 2008 жылы қол жеткізуге тырысамыз”, деді Украина президенті.
XS
SM
MD
LG