Accessibility links

Ауғанстан президенті 12 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын зерттеуді бұйырды


Ауғанстанның Тирит Кот қаласында кеше бомбалық шабуыл жасалды, кемінде 14 адам қаза тапты. Бомба микроавтобуста жарылды, үш адам аман қалды, бірақ олар жарақат алды. Мұның сыртында сейсенбі күні НАТО жасағы Қандағар провинциясында талибаншыларға шабуыл жасағанда кемінде 12 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны анықталды. Бұл туралы НАТО өкілі айтты. НАТО жасағы сейсенбі күні 48 талибаншыны өлтірген, бірақ бейбіт адамдар да оққа ұшқан. Ауғанстан президенті оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрды.
XS
SM
MD
LG