Accessibility links

Грузия бас министрі Зураб Ноғайдели Ресей қысымынан қорықпаймыз деп мәлімдеді


Мәлімдеме Вена қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сессиясында кеше айтылды, Ресей делегациясы тарапынан жауап берілген жоқ. Грузия бас министрі Ресей еңгізген экономикалық санкциялардың салдарынан жалпы ішкі өнім бір жарым пайызға қысқарады, экспорттың 17 пайызына зақым келеді деді, бірақ Грузияның осы жылғы экономикалық өсуі он пайызды құрамақ, инфляция төмен деңгейінде қалмақ деді.
XS
SM
MD
LG