Accessibility links

Бүгін Иран өзінің уран байыту жұмысын жүргізгенін растады


Бұл туралы ирандық басылымда, Иранның Атом энергетикасы жөніндегі ұйым басшысының орынбасары Мохаммад Ғаннадтың Иран 3 тен 5 процентке дейін уран байытып жатыр, бұл ядролық қару үшін емес, энергия көздеріне пайдалану үшін жеткілікті деген сөздерін келтірген. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі егер Иран уран байытуын тоқтатпаса, санкциялар салынады деп қорқытып келеді. Иранның уран байытқаны рас па дегенге, Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов:

“Мен әңгіменің не жайында болып тұрғанын білгендіктен, бұл туралы алаңдаушылық танытпаймын. Иран центрифуганың екінші тізбегін бастады, ғылыми зерттеу мақсатында оның толығымен МАГАТЭ-ның бақылауы астында екеніне мен сіздердің назарларыңызды аударғым келеді. Онда бос қалған центрифугалардың қалай жұмыс істейтінін көру мақсаты болды, дәл қазір онда уран байыту болды деп айту ертерек”, - деген.
XS
SM
MD
LG