Accessibility links

Фидель Кастро көптен бері телевизорда алғаш көрінді


Куба президенті Фидель Кастро алты аптадан бері Куба мемлекеттік теледидарында кеше алғаш көрінді. 80-жасар Фидель Кастроның аяқ басып жүргені көрсетілді. Осылайша Фидель Кастро өліп қалды деген қауесет жоққа шығарылды. Ауыр науқастан соң қалпына келіп жатқан Фидель Кастро мұндай қауесеттерді түкке тұрмайтын әңгіме деді. Куба ресми өкілдері Фидель Кастрода рак ауруы жоқ дейді, бірақ оның немен ауыратынын айтпайды.
XS
SM
MD
LG