Accessibility links

Ирақтың Әл-Балад, Әл-Баакуба, Әд-Диуания қалаларында ірі қақтығыстар болды


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері тасадан шабуыл жасамақ болған екі топқа тойтарыс беріп, осы операцияның барысында 17 партизанның көзін жойды және тағы үшеуін қолға түсірді. АҚШ күштерінің мәлімдеуінше, бұл қақтығыс бүгін таңертең Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Әл-Балад мекені маңында болған. Ал сенбі күні осындай ірі шайқастар Әл-Баакуба және Әд-Диуания қалаларында да болып өтті. Сондай-ақ сенбі күні Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики мен АҚШ президенті Дж.Буш өзара Ирақтың қауіпсіздік күштерін жасақтауды жеделдетуге уағдаласты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG