Accessibility links

Сербия халқы жаңа конституцияны қолдап дауыс берді


Сербия азаматтары референдумда Косово елдің ажыралмас бөлігі делінген жаңа конституцияны қолдады. Бастапқы ресми нәтижелерге қарағанда, Сербия сайлаушыларының кемінде 50 пайызы жаңа конституцияны қолдап дауыс берген. Референдумның ресми қорытындысы осы аптада жарияланады. Елдің қазіргі конституциясы 1990-шы жылы қабылданған болатын. Соңғы хабарға қарағанда, Сербия басшылары халықты жаңа конституцияны қолдағаны үшін құттықтауда.
XS
SM
MD
LG