Accessibility links

Ұшақ апаты құрбандарының ішінде Нигерия мұсылмандарының лидері де болды


АБУДЖА: Нигерияның Сокото штатында жергілікті 60 млн. мұсылманның рухани жетекшісі Мұхаммаду Маккидоның ұшақ апатынан қаза болуын 6 күн аза тұтады. Жолаушы ұшағының апатқа ұшыраған кезде, оның ішінде кемінде 104 адам құрбан болды. Боинг-737 ұшағы Нигерияның астанасы – Абуджадан әуеге самғай берген сәтінде жерге құлап өртенді. Нигерияның мемлекеттік радиосы хабарлағандай, апат дауыл желдің соғуынан құлаған. Бұл Нигерияда 1 жылға жетпейтін уақыттың ішіндегі 3-інші ірі апат.
XS
SM
MD
LG