Accessibility links

Өзіне жаза қолдану туралы шешім қабылдануы Иранның тек азу-ызасын туғызады


ТЕҺРАН: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадтың мәлімдеуінше, өзінің ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ қандай жаза қолданса да, Теһран оған тиесілі де жеткілікті жауап қайтарады. Бүгін Теһран маңында сөйлеген сөзінде Ахмадинеджад Иранның нақты қандай жауап қайтаратынын түсіндірмеді. Бірақ, оның есесіне президент Ахмадинеджад елге жаза қолдану тек ашу мен ыза туғызатынын атап көрсетті. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға жаза қолдану жөніндегі Қарардың жобасын талқылау үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG