Accessibility links

Ресми Лондон терроризмге қарсы күреске Исламабадтың көрсеткен көмегіне риза


ИСЛАМАБАД: Бүгін ағылшын ханзадасы Чарльз терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі үшін Пәкістан президенті Первез Мушаррафқа ризалығын айтты. Чарльз ханзада мен оның зайыбы Камилла ханым Исламабадқа 5 күндік сапармен жексенбі күні ұшып келді. Өткен тамыз айында Пәкістан үкіметі Лондонға Хитроу әуе жайынан АҚШ-қа қатынайтын ұшақтарды жармақ болған қастандықты әшкерелеуге септігін тигізген мәліметтерді хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG