Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Германияға шақырылды


Германия сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штайнмейер бүгін Астанада бас министр Даниал Ахметовпен және басқа ресми өкілдермен кездесті. Қазақстан баспасөзі тараптар өзара экономикалық қатынастарды талқылады дейді, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу ниетін және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009 жылы төрағалық жасау ұмтылысын талқылады деп хабарлап жатыр. Даниал Ахметов президент Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылдың 30-шы қаңтарында Германияға шақырылды деп жариялады.
XS
SM
MD
LG